$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрыңғы басшысына 3 жыл мерзімге жаза кесілді. Қалалық  соттың мәліметінше, ол  мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адам бола тұра сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыс жасаған. Қарамағындағы қызметкерінің жеңгесін жұмысқа орналастырғаны үшін  1 млн теңге пара  сұраған. Оның 500 мың теңгесін қолма қол алған. Ал қалған бөлігін үйіне әкеліп беруді сұраған. Тексеру кезінде қаражат сотталушының үйіндегі сейфтен табылған.

ЖҰЛДЫЗ ЖӘКЕЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:

Жасырын тергеу әрекеттеріне сәйкес, куәлердің жауаптарымен  дәлелденіп, қазіргі таңда айыпты деп белгіленіп отыр. Мемлекеттік функцияларды атқаратын мекемелерге өмір бойына қызмет атқару құқынан айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық арқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерді өтеу белгіленіп отыр.