Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының 4 тұрғыны ауылда жол салып жатқан құрылыс компаниясының екі жұмысшысын соққыға жыққан. Бірнеше жерден пышақталған олардың бірі ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, операция жасалыпты. Қазір күдіктілер ұсталып, қамауға алынған. Төртеуі де ауыл жігіттері. Бірақ арадағы жанжалға не себеп болғаны белгісіз. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық істің тергелуі Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.