$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Жерасты тоннелі арқылы жанармай тасымалдаған

Жерасты тоннелі арқылы жанармай тасымалдаған

Түркістан облысында 450 метрлік жерасты тоннелі арқылы жанармай шетелге тасымалданған. Халықаралық қылмыстық топтың заңсыз әрекетін облыстық  прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен әшкереледі.

Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде олар шетелден қаржыландырылып отырған жанармай өнімдерін жасырын өткізетін логистикалық бағыттар мен жеткізу арналарын құрған. Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.