Ақтөбеде тренд түсірген жастарға шара қолданылды. Олар жол қозғалысына кедергі жасап, адам өміріне қауіп төндіретін. Полиция таратқан видеода екі жігіт көлік ішінде отыр, ал, бір бойжеткен көліктің капотына шығып трендегі биді билеген.
Видеоға пікір білдірген Ақтөбе тұрғындары дәл осы жастар қаланың әуежайына бара жатқан жолда тренд түсіріп жатқанын көргендерін жазған. Облыстық полиция департаменті видео әлеуметтік желіге тараған соң оны зерделеп ішінен заң бұзу фактілерін анықтаған
.