$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Қызылордада 60-тан аса адам төмен пайызбен несие аламыз деп сан соғып қалды

Қызылордада 60-тан аса адам төмен пайызбен  несие аламыз деп сан соғып қалды

Төмен пайызбен несие алып, жыртығын жамаймыз деген бір топ адам сан соғып қалды. Солардың бірі - Шолпан Омар. Айтуынша, 31 жастағы әйел өзін дәрігермін деп таныстырған. Солайша, сеніміне кіріп, бұрыңғы несиесін қайта қаржыландыруға көмектесетінін айтқан. Жымысқы әрекетін ұялы телефоны арқылы жүзеге асырды дейді.

ШОЛПАН ОМАР, ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Негізі 20 млн-дай болып тұр общий сумма. Оның үстіндегі процентін есептемегенде сондай болып тұр. Маған тек рефенансирование жасап берді. Қолыма көк тиын, иә затта, я ақша алған жоқпын. Цитолог лоборант болып онкологияда жұмыс жасайды. Бізде медикпіз, сеніп қалдық. 1 жылдан асты оған да, ауру болдық қазір.

Қазір алданғандардың саны 60-тан асады. 2 млн теңгеден  20 млн теңгеге дейін қарызға батқандар бар. Бір өкініштісі, барлығы ата-анасы мен бауырларын, туған-туыстарын кепіл ретінде іске араластырған. Ал күдіктінің бостандықта жүргені жәбірленушілердің ашуын тудыруда.

БЕРІК НҰРЫМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мына кісінің барлығы, жалғыз мен емес Астанаға дейін жазуға дайын отыр. Өйткені мына тірлігіміз уже, ойлаңызшы, 23-тен бастап жазып келе жатқан адамдар бар арыздарын. Бапты дұрыс жазбай отыр кейбіреуіне. 188 хищение дейді. Оның үйіне келіп ұрлап кеткен жоқ қой ана алаяқ қыз.

Қазіргі таңда заң орындарына алаяққа алдандық деген 30-дан аса адамнан арыз келіп түскен. Әлі де шағымданып жатқандар бар. Соның негізінде оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылған дейді құқық қорғаушылар.

СҰЛТАН ЫРЫСБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда ҚК 190-бабының 3-бөліні 1,2-тармақтарымен қылмыстық іс жүргіліп жатыр. Яғни алаяқтық бойынша. Қылыстық іс бойынша қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Дегенмен бірақ ҚК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жол берілмейді.

Жәбірленушілердің кейбірінің банк алдындағы пайыздық үстемелері әлі күнге тоқтатылмапты. Бұл  үй алсам деген арманы мен жоспарлары күлге айналған жандардың ашу-ызасын күшейтуде.