$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Алматы облысында 200 шаңырақ бірнеше күннен бері ауыз суға жарымай отыр

22.07.2025ж. 19:30
86
Алматы облысында 200 шаңырақ бірнеше күннен бері ауыз суға жарымай отыр

Алматы облысында Панфилов ауылының тұрғындары  қанша жылдан бері ауыз судың тауқыметін тартып келеді. Күн жылыса болды, мұнда тіршілік нәрі тоқтайды дейді. Шіліңгір шілдеде 200  үй не су іше алмай, не ыдыс-аяғын жуа алмай, тұрмыстан тұралап отыр.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Тұрғындардың айтуынша, кейде түнгі 3-тер шамасында тіршілік нәрі берілетін көрінеді. Олар бұл сәтті көз ілмей күтеді. Бір тамшы ауызсуға зар болған жұрт, міне осылай үйдегі бар ыдысқа су толтырып алады екен.

ҰЛАН ҚЫДЫХОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

21 ғасырда қаланың түбінде отырып сондай жағдай бізде.  Сіздер телевидение келді, су берді олар.   Ертең өшіріп тастаса оған да таңғалмаймын. Өздерінің қолында ол.

Қайнаған ыстықта суға жарымаған жұрт әкімдікке де, суға жауапты мердігер компанияға да талай рет барған. Дегенмен, олардың өтінішін көзге де ілмепті.

МАРЖАН ӘДІЛБЕК, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

«Мөлдір су»-ға келеміз, келсең жылы жауып шығарып салады заявление жаз дейді, заявлениесін жазып береміз. Одан нәтиже көріп жатқан жоқпыз. Кейде бізді қабылдамайды да. Өте дөрекі сөйлеп, бізді шығарып салады. 

Ал жергілікті билік өкілдері үш көшенің бір аптадан бері сусыз күнелтіп отырғанынан бейхабар болып шықты. «Бұл мәселені екі күн бұрын ғана естідім», -дейді ауыл әкімі. Мәселенің түп төркінін жарыққа әкеп тіреді. Энергия қуаты болмаса, жүйеде су қалмайтын көрінеді. Құбырдың бәрі ескірген. Оның үстіне тұрғын саны көбейген сайын желіге түсетін қысым да артатын көрінеді.

ДУЛАТ ДӘУЛЕТӘЛИЕВ, ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қазіргі сусыз отырған вопрос қазір шешілді. Келесіде осыны болдырмау электриктермен сөйлестік қой, что бы согласовано жұмыс жүргізу үшін. Кепілдік бар, свет өшпесе ол техника ғой, оған қалай кепіл береміз. Біз өз жағымыздан единственный контрольға алып, өшпеу жағынан бүкіл қадағалау жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Осылайша тұрғындардың қуанышы көпке созылмады. Су өте жай ағады. Одан бөлек, ауыл әкімі жаңа су құбырының жобасы жасалып жатқанын ескертті. Әбден аузы күйген жұрт жергілікті билік өкілдерінің бұл жолғы уәдесін де қанағат тұтпады.  Дегенмен, жоспар мақұлданса, құбырдың құрылысы келер жылы басталмақ.