$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Шымкентте «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

Шымкентте «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Тұран ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, туындаған даулы мәселелерді заң аясында шешуге жәрдемдесу және тұрғындармен тікелей кері байланыс орнату. Қабылдауға «AMANAT» партиясының жергілікті өкілдері, мәслихат депутаттары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, адвокаттар мен сот орындаушылар қатысты. Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі инфрақұрылым саласына қатысты болды. Ішкі көшелерге асфальт төсеп, көгілдір отын тарту, көше жарығы мен жол белгілерін орнату, қоғамдық көлік бағыттарын ұлғайту жөнінде ұсыныстар айтылды. Халық балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауды да сұрады. Шымкентте биыл 170 шақырым жол салынады. Оның ішінде Жаңаталаптың ішкі жолдары да бар деді партия өкілі. Қоғамды қабылдауда тұрғынардың дені өздері көтерген мәселеге тиісті жауабын алып кетті.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді біз осы жерде бүгін қатысып отырған азаматтар, партия филиалы қызметкерлері бар, мәслихат детутаттарымыз бар, бүгін осы жерде түскен барлық ұсыныс -тілектерді оң шешімін табуға біз атсалысатын боламыз. Және жергілікті атқарушы органдарға хаттамалық негізде тапсырмалар беріп, партиялық бақылауға алынатын болады.