$531.96 €622.45 ₽6.79
×

ШҚО-да «AMANAT» партиясының металлург мүшелері марапатталды

22.07.2025ж. 19:30
89
ШҚО-да «AMANAT» партиясының металлург мүшелері марапатталды

Өскеменде «AMANAT» партиясының белсенді металлург мүшелері марапатталды. Партия төрағасы Ерлан Қошановтың атынан оларға алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. Шығыс Қазақстандағы ең ірі бастапқы партия ұйымдары «Қазмырыш», «Титан-магний комбинаты» өндіріс алыптарында құрылған. Бұл ұйымдардың құрамында 30 мыңнан астам металлург бар. Олар партиялық жобаларға белсенді қатысады. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында металлургтер дуальды білім беру жобасын алғашқылардың бірі болып қолдады. Бүгінде техникалық университеттер мен колледждерде өндіріс сұранысына сай мамандар даярланып жатыр.

САЙРАНГҮЛ ЖҰМАДІЛОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Олар өздерінің денсаулықтарын осы біздің қаланың, облыстың дамуына жұмсап жүргендіктен біз металургтерге үнемі қолдау көрсетеміз. Барлық іс-шараларымызға шақырамыз. Олар да бізбен тығыз байланыста болып, бізге көмектеседі. Біз осындай кәсіпорындарының бізде орналасқанын мақтан тұтамыз.