$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Астанада үш қабатты қонақ үй өртеніп жатыр

AstanaTV
22.07.2025ж. 23:09
108
Астанада үш қабатты қонақ үй өртеніп жатыр

Елордалық өрт сөндірушілер Алматы ауданындағы Аскар Тоқпанов көшесінде орналасқан 3-қабатты ғимараттың бірінде өртті сөндіруде. 

ТЖД 100 - нен астам жеке құрам мен 26 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында өрт сөндірудің 4 учаскесі жұмыс істеуде. Сөндіруге 3 лафет және 10 әмбебап су оқпандары берілді.

Өрттің өршіп кетуіне байланысты сөндіру жұмыстары қатты түтінмен және жоғары температурамен күрделенуде,-деп хабарлайды ТЖМ.