$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

AstanaTV
23.07.2025ж. 10:11
86
Астанада Шыңғыс Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: gov.kz

Астанадағы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шыңғыс Айтматов көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Astana TV.

Жөндеу Сығанақ көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі аралықта өтеді.

Осыған байланысты 22–27 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Автокөліктерге екі бағыт бойынша бір жағымен жүруге мүмкіндік беріледі.