Биыл мамыр айында Спорттық бағдарламалар федерациясымен бірлесе, мектеп оқушыларына арналған алғашқы Республикалық жасанды интеллект олимпиадасы өтті. Оған Қазақстанның өңірлерінен 700-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Astana TV..
«Республикалық жасанды интеллект олимпиадасы екі кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңі (онлайн), қорытынды кезең (бетпе-бет). Іріктеу кезеңіне 700-ге жуық оқушы қатысты. Финал Astana IT University-де 40 оқушының қатысуымен өтті. Финал қорытындысы бойынша 12 мықты қатысушы дайындыққа шақырылды. Осы дайындықтан кейін Қазақстанның құрама командасы құрылып, тамыз айында Бейжіңде өтетін Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына қатысады», - деді ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.