Жақында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Балаларға кітапты күштеп оқыту емес, қызықтыра отырып үйрету қажет. Олар әдебиетке жаңа формалар арқылы ғашық болуы мүмкін. Демек, біз әдебиет пен мәдениетте мұраны сақтай отырып, болашақты қалыптастыру миссиясын қатар алып жүруіміз керек, - деп атап өтіпті сұхбатында.
Баршаны ойландыратан, толғандыратын мәселе.
«...журналист архивінде нешеқилы жазба жататыны заңдылық та шығар. Кейде қоржын түбін қақсаң, ішінен шашылып түскен алтын қиыршығындай бағалы дүниелер шығып, қатты қуанатын сәттер кездеседі», - депті белгілі журалист Құлтөлеу Мұқаш «біртуар ақын Қадыр Мырза-Әлимен» болған «Ретро-сұхбатынды».
Менде «қоржын түбін қағып» Құлтөлеу Мұқаштың «алтын қиыршағын» қолыма алдым.
Қадыр Мырза-Әли «Балалар әдебиеті» дейтін ресми сала жоқ-ты. Орыс әдебиетінің озық үлгілері де жете қоймаған кез еді. Және оның табиғаты бізге келіңкіремейтін. Сол себепті: Халық ауыз әдебиеті мұраларына арқа сүйедік. Артық мақтанғандық болмас, Балалар әдебиетін бір белеске шығардық. Ал бұдан кейінгі тірлік қоғамға, үкіметке, заман ағымына байланысты нәрселер шығар. Бір ғажабы, Балалар әдебиетінің өрісі кең ғой. Бұған үлкен саясатты көп араластырмағанмен, ыңғайын тауып, ұлттық топырақтың нәрі, бояуы сіңірілетіні тағы мәлім.. Балалар әдебиеті кейде, тіпті, үлкендерге айтылмайтын ойларды көтеріп кетеді. Айталық, Жақан Смақовтың мынандай бір өлеңінің үзіндісіне қараңызшы:
Мегежінде жеті емшек,
Бәрі емсе де жетеді.
Бірақ осы торайлар
Балшықты жерде көп ойнар.
Олардың осы мінезін
Ұнатпаймын мен өзім,–
дейді.
Бұған керісінше:
Тайымды жақсы көремін,
Арпа, сұлы беремін.
Күтемін, баптап қараймын,
Жалын талдап тараймын.
Құйрығын шарт түйемін,
Сөйтіп ерттеп мінемін.
Бәйгеге шығып шабамын,
Жүлдені озып аламын, – деген шумақтардан атқұмар қазақ ұланының көңіл күйі анық байқалып тұр емес пе! Бұл арқылы жас ұрпақтың отансүйгіш болып өсуіне ықпал ететін, халықтық таным-түйсіктің қалыптасуына жол салатын этнографиялық ұғымдар айшықталады.»- депті біртуар ақын Қадыр Мырза-Әли.
Қазақ радиосынан балаларға арнап берілген мына бір ертегіні оқып қөріңізші.
«Сені өлтірем», – деп ақырады дәу. Кемпір: «Өлтірме, мен саған әйел болайын», – дейді. Сол жерде кемпір дәуді құдықтан шығарып алып, бір сандыққа салып қояды. Бала аңға кеткенде, шығарып алып, дәумен ойнап-күліп отырады. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, кемпір бала табады. Оның атын жерден шыққан Желім батыр қояды. «... дәу сандықтан шыға келеді.. Бір уақытта дәу жықпақшы болады. Сонда бала шешесіне: «Менің аяғымның астына талқан, дәудің аяғының астына тары сеп», – дейді. Шешесі баласына қастық қылып, дәудің аяғының астына талқан, баласының аяғының астына тары себеді. Бала онан бетер тайғанап, жығылып бара жатқанда: «Жерден шыққан Желім батыр, қайдасың?» – дейді. Желім батыр жүгіріп барып, дәудің басын қылышпен кесіп алып, шешесін жұдырықпен бір қойып, кемпірді де сеспей қатырады». Бұл «Жерден шыққан Желім батыр» деген балаларға арналып берілген ертегі.
Баласына қастық қылған ана, әкесін (дәуді) өлтірген бала! Бұл баланы «қызықтыратын» емес бүкіл ұлтты аздыратын, «үлгі».
Әдебиет пен мәдениетте мұраны сақтай отырып, жас ұрпақтың отансүйгіш болып өсуіне, таным-түйсіктің қалыптасуына сай қызықтыратын жаңа формалы шығарма болу үшін, алдымен ұлттық идеологияда дарынды қаламгер, парасатты және әділ сын болуы керек сияқты!... Басты мақсат бала тәрбиесінде қымыз ішу, қазы жеу, домыра тарту, садақ атып, құр қазақша сөйлеп, өлең айтуды, сақпыз, түркілерміз деген жалпақшешей, құрғақ идеологиядан бұрын «Балаллар әдебиетін» қолға алу керек-ақ сияқты. Сіз не дейсіз...!