$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Дағыстанда Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады

AstanaTV
23.07.2025ж. 15:11
128
Дағыстанда Қазақстан азаматтары жол апатына ұшырады
Фото: Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі

Жол апатынан барлығы 8 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Astana TV сайты "Московский комсомолец" басылымына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 22 шілдеде Астрахань-Махачкала федералды тас жолының бойында болған. Зардап шеккендердің барлығы Кочубеев медициналық-санитарлық бөлімшесіне жеткізілді. Қазір екі науқас ауыр хәлде жатыр.

Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтарынан бөлек Удмуртияның тұрғындары да бар.

"Зардап шеккендерді тікұшақпен Махачкала жеткізу жоспарлануда", – деп хабарлады Дағыстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталып жатыр.