Президент медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында заңды қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы хабарлады. Мұндай ұсыныс парламент депутаттары, денсаулық сақтау саласы өкілдері және белсенді азаматтар тарапынан түскен. Расымен, соңғы кездері сала мамандарына күш көрсету, оларды соққыға жығу жағдайы жиілеп кеткен еді. Мемлекет басшысы осы мәселені ретке келтіру үшін заңды қатаңдату туралы үкіметке тапсырма берді.
РУСЛАН ЖЕЛДІБАЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.