$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Медицина мамандарына 170-тен аса шабуыл жасалған

23.07.2025ж. 19:30
99
Медицина мамандарына 170-тен аса шабуыл жасалған

Соңғы алты жылда елдегі дәрігерлерге, фельдшерлер  мен медбикелерге 170-тен аса шабуыл жасалған. Мұндай келеңсіз жағдай жиілеген соң аурухана мен перинаталдық орталықтардың қабылдау бөліміне тәулік бойы полиция бекеттері қойылды. Қазір 115 денсаулық сақтау нысаны қорғауға алынған. Сала мамандарының қауіпсіздігін күшейту туралы Президент тапсырмасынан кейін Олжас Бектенов арнайы жиын өткізді. Оған Премьер-министрдің орынбасары мен министрлер қатысты. Енді Үкімет медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту жөніндегі шаралар кешенін дайындайды.Денсаулық сақтау министрлігі де заңнамаға түзету енгізуді бастап кетті.