Масадан тараған вирус әлемге қауіп төндіруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда. Чикунгунья деп аталатын вирус – 119 елде таралып, шамамен 6 миллиард адамға жұғу қаупі бар. Вирус алғаш Үнді мұхитындағы аралдарда таралып, қазір Африка мен Азия елдеріне, тіпті Еуропаға жеткен.
Ауру дене қызуын көтеріп, буындарды ауыртып, ұзақ мерзімді салдарға ұшыратуы мүмкін. Мамандар індетті дер кезінде бақылауға алмаса, бұрынғы эпидемия қайталануы мүмкін екенін ескертеді. Жаңа вирустан арнайы ем жоқ. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сақтық шараларын күшейтіп, ашық киім кимеуге кеңес береді.