$541.93 €636.71 ₽6.83
×

"Перизат Қайратқа 83 млн теңге жинап бердік", - Олжас Садық

23.07.2025ж. 19:30
135
"Перизат Қайратқа 83 млн теңге жинап бердік", - Олжас Садық

Бүгін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер сотқа өз уәждерін жеткізді. Оның бірі блогер әрі видеограф- Олжас Садық. Ол Перизат Қайратқа қатысты қатаң жаза қолдануды сұрады және оның кінәсі толық дәлелденді деп есептейтінін айтты. Ал  анасы Ғайни Алашбаеваның жазасын жеңілдетіп, үйқамақ түрінде өтеу мүмкіндігін қарастыруға болатынын жеткізді.

ОЛЖАС САДЫҚ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Біз Газа секторындағы отбасылар мен балаларға көмектесу үшін 83 млн теңге жинадық. Қаражат туралы ашық есеп аламын деп үміттендім, бірақ олай болмады. Перизат Қайратпен біртіндеп байланыс жоғалды, көмек көрсетудің орнына сылтау айтыла бастады. Азамат ретінде мен үшін бұл жай ғана ақша мәселесі емес, елдің артқан сенімі еді. Бұл моральдық қылмыс. Перизат Қайраттың кінәсі дәлелденді деп есептей отырып, прокурорларды қолдап, жазалау шарасына қатысты өтінішті қанағаттандыруды сұраймын.