Трамп педофилдер тізімін жойып жібергенін мойындайтын емес. Бұл туралы сұрақ қойған журналистерге жалтармақ болды. Осының барлығының орнына Обама мен Байденнің сайлау кезіндегі қылмыстарын неге айтпайсыңдар, - деп өздеріне қарсы сұрақ қойды. АҚШ Президентінің айтуынша, 2016 жылы да, 2020-да да бір топ шенеунік қылмыс жасады. Ол қазір тергелмей тұрғанына да өкпе-ренішін Трамп жасырмады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бәрінен бұрын осы жерде тұрғандардың барлығы қалайша Обаманы әшкерелемедіңдер? Не бітіріп жүрдіңдер? Олар Американы құрдымға жіберді. Обамасы бар, Байдені бар, барлығы нағыз қылмыскерлер. Мені аяқтан шалу үшін барлығына барды.
Израиль Газа секторындағы әр адамды аштан өлтірмекші. Бұл - Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының сөзі. Антониу Гутерриштің айтуынша, Израиль гуманитарлық апатты қолдан жасап жатыр.
АНТОНИУ ГУТЕРРИШ, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫ:
Адамдардың аштық деңгейі ең төменгі көрсеткіштен де асып түсті. Адам айтса сенгісіз. Бірақ, күнделікті ғаламтордан әр адам көріп жүр. Азық-түлік жеткізейік десек, Израиль мүмкіндік бермей отыр. Ондағы бар тамақты таратайық десек те, оқ жаудыруда. Жыл соңына дейін Газа секторында адам қалмауы да мүмкін.
Бүгін Израиль тағы да көмекке кезекте тұрған адамдарға оқ жаудырған. Бұл жолы 12 адам мерт болды.