$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Астанада оқушыларға жасанды интеллект технологияларын тегін үйрететін орталық ашылады

Астанада оқушыларға жасанды интеллект технологияларын тегін үйрететін орталық ашылады

Астанада оқушыларға жасанды интеллекет технологияларын тегін үйрететін орталық ашылады. Креативті орталық жұмысы қазан айында басталмақ. Бұл туралы жасанды интеллектіні оқыту барысы туралы брифингте айтылды. Орталықта жылына 5 мың оқушы білім алады. 12 жастан асқан оқушылар генеративті жасанды интеллект, робототехника, анимация, 3D моделдеу және ойын жасау бағдарламаларын игереді. Жасанды интеллектінің түрлі саладағы рөлі туралы айтқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері ChatGPT арқылы жеке дерек тарап кетуі мүмкін екенін де жасырмады. Мамандар құпия ақпараттарды ұрлатпаудың түрлі амалы бар екенін айтты.

ӘЛІБЕК САЙЛАНБАЕВ, ҚР ЦДИАӨМ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ChatGPT-да негізі арнайы функционал бар. Егер настройкаға кіріп қарасаңыз. «Менің деректерімді қолданба» деген галочка бар. Соны алып қойсаңыз, олардың айтуы бойынша олар өздерінің модельдерінде қолданбайды. Сол үшін соны алып қойсаңыз болады. Бірақ по дефольту дейді ғой, сол қосылып тұрады.