Шымкентте «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камаловтың басшылығымен өткізілуде. Екі күн ішінде жаттығуға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі жедел қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлестірудің тәжірибелік дағдыларын пысықтайды. Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. «Жер-2025» оқу-жаттығуының мақсаты — зілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру.
ИРИСМАТ МАХМУДОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Біз Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатамыз. Бұл жерде жер сілкінісінен кейін вторичный факторлар болады. Сондықтан осы барлық жоюға арналған жабдықтармен және де бірінші авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу, халықты құтқару, аман қалған халықты қауіпсіз аймаққа шығару. Бізде нүктелер бәрі белгіленген.
Бүгін ұйымдастырылған көрмеде төтенше жағдайлар қызметінде қолдануда маңызды құрал-жабдықтар да арнайы таныстырылды. Соның бірі- ұшқышсыз ұшу аппараты. Қытайда құрастырылған құрылғы 25 келіге дейін көтере алады.
БАҒДӘУЛЕТ САҒЫНТАЙ, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ:
Ол 25 кг грузды медикаменттер болсын, т.б. керекті жабдықтарды біз сол жақа жеткізе аламыз. Екіншіден, ол өрт сөндіруге бомбочкалар бар, соларды лақтыра алады. Тағы да көпқабатты ғимараттарға дронмен көтеріліп, сол жерден дронмен уже өртті сөндіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі шарада республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған, жалпы сыйымдылығы 4 200 адамға дейін жететін шатырлы қалашық құрылды.
Ал ертеңгі шарада оқу-жаттығудың практикалық бөлігі жалғасады.