$538.64 €631.56 ₽6.85
×

Шымкентте тазалық жұмыстары жалғасуда

Шымкентте тазалық жұмыстары жалғасуда

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Қоршаған орта тазалығы  әрбір қала тұрғынына ортақ жауапкершілік жүктейді. Осыны жақсы ұғынамыз деген Абай ауданының тұрғындары   Асар шағын ауданы аумағындағы экологиялық акцияға жұмыла кірісті. Еріктілер, қала тұрғындары мен коммуналдық қызмет өкілдері көше бойлары мен саябақтарды абаттандырды. Қаулай өскен шөптерді орып, отырғыштарды сырлады. Айта кетейік, жыл басынан бері Абай ауданында 25 сенбілік өткен. Оған бес мыңға жуық азамат белсене қатысты. Бүгінгі іс-шараға да 100-ге жуық азамат қатысты. Олар Асар шағын ауданында орналасқан саябақ ішін тазалады. Бей-берекет өскен бұталарды кесіп, қоқыс қалдықтарын жинады.

ӘЛІБЕК СӘРСЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Тазалыққа қатты көңіл бөліп келеміз. Көктем, күз айларында ағаш отырғызамыз. Әр сенбі, әр айда жиі-жиі сенбіліктер ұйымдастырып тұрамыз. +әрбір көше, әрбір ауланың тазалығына қатты көңіл бөлеміз. Соның арқасында шағын ауданымыз гүлденіп, көркейіп келеді.