$541.93 €636.71 ₽6.83
×

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды

AstanaTV
24.07.2025ж. 08:12
144
Үш қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Александр Павский/Kazinform

2025 жылғы 24 шілдеде Алматы, Өскемен, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетіні мәлім болды.