Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Интернациональная көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрттің электр қалқанынан басталғаны анықталды.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Жертөледен қалың түтін шығып жатқаны тіркелді. Үйдің екінші кіреберісінен тұрғындарды эвакуациялау ұйымдастырылды — барлығы 15 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.