$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Музей ісіндегі алғашқы жартыжылдықтағы маңызды оқиғалар

Музей ісіндегі алғашқы жартыжылдықтағы маңызды оқиғалар

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстанның мәдениет саласы үшін жемісті болды. Атап айтсақ, музей саласының дамуымен, халықаралық көрмелер және мәдениет әлеміндегі маңызды оқиға – Бейжің қаласындағы Қазақстанның Мәдениет орталығының ашылуымен есте қалды.
Бүгінде Қазақстанда 270-тен астам музей жұмыс істейді. Олар еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, жұртшылыққа таныстыратын маңызды орталық саналады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында музейлер 817 іс-шара өткізді. Оның ішінде: - 28 халықаралық жоба, - 154 республикалық деңгейдегі іс-шара, - 45 білім беру семинары.