$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Перизат Қайрат ісіндегі жәбірленуші үкім шығарарда анасының жасын ескеруді сұрады

24.07.2025ж. 19:30
109
Перизат Қайрат ісіндегі жәбірленуші үкім шығарарда анасының жасын ескеруді сұрады

Перизат Қайраттың сот ісі жалғасып жатыр. Бұл жолы жарыссөз барысында жәбірленуші ретінде «ForteBank» АҚ маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким сөз алды. Ол Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның кінәсі толық дәлелденді деп есептейді және прокурордың ұстанымын қолдайтынын жеткізді. Алайда Алашбаеваның жасы мен денсаулығын ескеруді сұрады. Жәбірленушінің айтуынша, мұндай оқиғалар қайырымдылық туралы қоғамдық пікірге теріс әсер етеді. Бұған дейін Антон Ким өз атынан "Biz Birgemiz" қорына 500 мың теңге аударған болатын.

АНТОН КИМ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Біз реформалар мен өзгерістер туралы жиі айтамыз, қоғамның әл-ауқатын арттырып, зорлық-зомбылықты жою қажет дейміз. Алайда осындай оқиғалар қоғам мен мемлекеттің, үкіметтік емес ұйымдардың істеп жатқан барлық еңбегін жоққа шығарады. «Biz Birgemiz» қорындағы жағдай жұртшылықтың қайырымдылық саласына деген сеніміне нұқсан келтірді. Енді қайырымдылыққа ақша аударып, қаражат жинауға ниеттенген адам жүз рет ойланып, мың рет толғанатын болады.