$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Қызылордада жұмысшы жас мамандардың республикалық слеті өтті

Қызылордада жұмысшы жас мамандардың республикалық слеті өтті

Қызылордада еңбек нарығында 335 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Оның 52 проценттен астамы қарапайым мамандықтар. Колледждерде де 45 мамандық 49 біліктілік бойынша кадрлар даярлануда. Бұл туралы жұмысшы жас мамандардың слдетінде айтылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жастар  қатысты. Кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер де  өнімдерін көпшілікке таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

ЖАЗИРА РАМАЗАНҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР:

Менде қолөнер бұйымдары және де басқа да өңірлерден қолөнершілер түрлі саланың мамандары өздерінің өнімдерін әкеліп таныстыруда. Бұл әрі қарай әріптестік байланысты нығайтады деген ойдамыз. Мемлекеттен де қаншама көмектер алып жатырмыз. 

Аймақта «Мамандығым –Болашағым» атты жоба аясында мамандықтар «Атласы» әзірленген. Бұл жастардың жаңа мамандықтар туралы толыққанды ақпараттанып, бағдар алуына мүмкіндік береді. Одан өзге, еңбек нарығында тапшылық орын алған  мамандықтарға қысқамерзімді оқу курстары ұйымдастырылған. «Скиллс Еңбек» элокронды білім порталы арқылы биыл 20 мыңнан аса адам тегін біліктілік арттыруға мүмкіндік алған. Бұл еңбекқор жастарды қолдауға арналған үлкен бастама дейді слетке келген жастар.

ӘДІЛХАН ТӨЛЕГЕНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Былғы жылы жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы артып, жастар көптеп барады деп ойлаймыз. Жұмысшы мамандықтарды насихаттау бүгінгі жастарға өте қажет. Әсіресе қазіргі республикамыздағы НИТ санатындағы жастарға осы жұмысшы мамандықтарды насихаттай отырып оларды жұмыспен қамтуға мүмкіндік көптеп ашылады.

Шара барасында ерекше еңбегімен көзге түскен қарапайым жұмысшы мамандар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ал жастар бірнеше секциялар бойынша жиындарға қатысып, ашық пікір алмасты. Аймағымыздың көрікті жерлері мен өндіріс орындарын аралады.