$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жыр кеші өтті

24.07.2025ж. 19:30
199
Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жыр кеші өтті

Астанада «Өлең – сөздің патшасы» атты Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жыр кеші өтті. Кештің мақсаты ақынның рухани мұрасын дәріптеу, қазақ өлеңінің құдіретін насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру. Әдеби кешке 20 мен 70 жас аралығындағы көпке танымал елордалық қаламгерлер  жиналды. Олар өз өлеңдерін қала тұрғындары мен қонақтарына, зиялы қауым өкілдеріне тарту етті.

БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы кеш оқырманға бір рухани ләззат сыйлайды ғой деп ойлаймыз. Ақындар және де жастар бүгінгі кеште Абайға арнаған өлеңдері мен басқа да өлеңдерін оқып жатыр. Жалпы мұндай кештер өте керек деп ойлаймыз. Қазақтың ақын, жазушылары бас қосатын, бір-бірімен қауқылдасып өлеңдерін оқитын орта міндетті түрде болу керек деп есептеймін.