$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Жол апатынан 6 адам мерт болды

AstanaTV
25.07.2025ж. 14:55
Жол апатынан 6 адам мерт болды

Алматы-Бішкек жолында Toyota Alphard тракторға соқтығысып, 6 адам мерт болды. 

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Alphard автокөлігі жолда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жол-пайдалану қызметінің тракторына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің 5 жолаушысы мен жол қызметінің бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген.

- Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.