×

Биыл 9 мыңнан астам адамға кәсіп бастауға қайтарымсыз грант беріледі

AstanaTV
25.07.2025ж. 15:45
136
Биыл 9 мыңнан астам адамға кәсіп бастауға қайтарымсыз грант беріледі

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант халықтың әлеуметтік осал топ санатын қолдауға бағытталған. Оған қатысу үшін өтінім 2 лек бойынша қабылданады. Қазіргі уақытта бірінші лек аясында 11,5 мың адам өтінім берген. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам кәсіп бастауға мүмкіндік алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов айтты.
 

«Гранттар жұмыссыз мәртебесіндегі немесе 3 жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Қаражат құрал-саймандарды, жабдықтарды, жануарларды сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнес жобаларды жүзеге асыруға байланысты басқа да қажеттіліктерге жұмсалады», - деді Асқар Биахметов.