$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Еліміздің емханаларында әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады

AstanaTV
25.07.2025ж. 18:00
92
Еліміздің емханаларында әйелдер консультациясы бөлімшелері қайта ашылады

Қазақстанда жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған медициналық көмек қайта құрылымдалып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек аясында қолжетімді болмақ. 

 

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіретінін хабарлады.

Бастаманың мақсаты – еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру делінген.

Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында:

  • Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
  • Отбасын жоспарлау орталықтары
  • *Жүктілікті үзу кабинеттері
  • Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді қадағалауға арналған кабинеттер
  • Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері ашылады.

Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова бұл бастама – әйелдердің денсаулығын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты қадам екенін айтты.