$544.87 €639.02 ₽6.88
×

"Райм, мен сені сүйемін!": Ерке Есмахан күйеуінен ерекше сый алды

AstanaTV
25.07.2025ж. 23:28
155
"Райм, мен сені сүйемін!": Ерке Есмахан күйеуінен ерекше сый алды

Әншінің айтуынша, жолдасы оған арнап ән шығарған. 

“Жақында күйеуімнің барлық сыйлығын ысырып қоя салдым. Өйткені, жолдасым маған баға жетпес сыйлық дайындады. Менің сахнаны сағынғанымды сезіп, өнер адамы екенім туралы әңгіме бастады. Сөйтіп, студияға мені отырғызып, өзінің маған арнап, ән шығарғанын айтты. Тыңдап, еңкілдеп, бір жылап алдым. Ең үлкен сый осы болды. Жақын арада сіздер де тыңдайсыздар. Райм, мен сені сүйемін”, – деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.