Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салынуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
“Заңнамаға енгізілген түзетулердің басты мақсаты – азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қоса алғанда, олардың құқықтары мен бостандықтарын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұлғаларды сәйкестендіру және қоғамдық тәртіпті сақтау”, – дейді полиция.
Бұл тыйым азаматтың бет-әлпетін толық жауып, оның кім екенін анықтауға кедергі келтіретін киімдерге, атап айтқанда маска мен никабқа қатысты. Ал адамның жүзін жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты діни киімдерді киюге рұқсат.
Алайда тыйымның ауа райына, медициналық көрсетімдерге, заң талаптарын орындау кезіне, қызметтік міндеттерді атқару барысына, азаматтық қорғау саласындағы қызметке қатысы жоқ.