$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Қызылордада Ұлттық сапа орталығының мамандары қаладағы жол құрылыстарына сынама жасады

Қызылордада Ұлттық сапа орталығының мамандары қаладағы жол құрылыстарына сынама жасады

Қызылордада  126 нысанда жол жөндеу  жұмыстары жүргізілуде. Оның 11-і республикалық, 10-ы облыстық маңызы бар жол. «Қызылорда-Жезқазған» автмобиль жолдары да соның қатарында. Қазір оның қала ішілік бөлігінде де қызу жұмыс жүріп жатыр.

ЕРСАЙЫН МҰЗАФАР, «КАЗАВТОЖОЛ» ҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы қаланың ішімен өтеді. Жалпы ұзындығы 9,5 шақырым. 7,3 шақырымына ресейкілер ілу әдісімен негіздеме салынған. Қазіргі уақытта біз жамылғының жоғарғы қабаты деп атаймыз шма-20. сол қабатын төсеп жатырмыз. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының аяғына дейін толқтай аяқтап  пайдалануға береміз.

Ұлттық сапа орталығы облыстық филиалы мамандары жылжымалы зертханамен жаңадан салынып жатқан жолдарға барып, арнайы сынама алды.  Сол арқылы жолдың сапасына баға беріледі. Аймақ бойынша жол құрылысына үнемі бақылау жүргізіліп, әр жабындысына дейін жіті зерттелетінін айтады.

МАҚСАТ МҰҚАНОВ, ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Филиал мамандармен  607 рет тексеріп жолға шығу жұмыстары жүргізіліп, 1714 сынама алынып, филиал тарапы жол құрылысы бақылау жұмыстарын жүргізуде. Ақау анықталса, оны мердігер мекеме өз тарапынан, өз қаражатынан толықтай жүргізіп, белгіленген өзінің 3 жылдық, 5  жылдық кепілдемесі бар, жасап береді.

Барлық жолдың сапасы осы аядай ғана лабораторияда жіті тексеріліп, сарапталады. Асфальт жабындылары ғана емес, құрылысқа қажетті құм мен тастың құрамы, тығыздық коэффиценті, суға төзімділігі толық зерттеледі. Бұрын бұл жұмыстарға 15 күн кететін. Қазір жаңа технологиялармен 3 күнде қорытынды шығаруға мүмкіндік бар дейді мамандар.

МАҒЖАН ҚАСЫМХАН, ҰЛТТЫҚ ЖОЛ САПА ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Қазіргі таңда 100-ден астам жаңа құрылғыларымыз бар. Әркезде әртүрлі, бірде түйіршік құрамы шықпай қалады, бірде суға қанығуы шықпай қалады асфальттың бірде тығыздық коэффиценті шықпай қалады. Бірде шебеннің құрамары шықпай қалып жатады. көптеген ақаулар кездеседі бізде жиі-жиі.

Сондай-ақ, жылжымалы зертхана Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы бойындағы құрылыстың сапасын тексерді. Қаладағы көлік кептелісін азайтуға сеп болатын маңызды автожолдың жалпы қалыңдығы 44 см болады. Бұған дейін де бұл жерден мамандар 5 рет сынама алған. Өрескел кемшіліктер анықталмаған.