Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Батыстың Ресейге салған санкциясы Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін - Президент

AstanaTV
08.08.2017ж. 20:00
2245
Батыстың Ресейге салған санкциясы Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін - Президент

Батыстың Ресейге салған санкциясы Қазақстан экономикасына да әсер етуі мүмкін. Премьер-министрді қабылдаған президент бұл шектеулерді де ескеруді тапсырды. Ал алғашқы 7 айда ел экономикасында өсім байқалған. Ол 4,2 пайызды құрапты. Президент көрсеткіштер көңіл көншіткенімен, тәуекелдер бар екенін ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

И риски есть, колебания цен на наши энергоносители, сырьевую продукцию, возможно, влияние западных санкций в отношении России. Это надо учитывать. Правительство напряженно работает. Я обращаюсь ко всем: до конца года мы должны организованно отработать, чтобы выйти в этом году с хорошими показателями.

Үкімет басшысы жыл басталғалы атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Индустрияландыру бағдарламасымен 31 жоба іске қосылған. Тағы 100 мың жұмыс орны ашылатын 100 жобаны жүзеге асыру көзделген. "Нұрлы жол" бағдарламасымен автомобиль жолдарының құрылысына биыл 356 млрд теңге бөлінген. 4,4 шақырым жолдың 600 шақырымы салынған. Оның 470 шақырымы "Астана-Бурабай" тас жолы сияқты ақылы болады. Ол жоба 1,5 миллиард теңге пайда әкеліп, өз шығынын жапқан. "Нұрлы жер" бағдарламасымен биыл 100 мың пәтер берілуі тиіс. 10,2 млн шаршы метрдің 5,5 млн шаршы метрі пайдалануға берілген. Инфляция маусымда былтырғыдан 0,1 пайызға өссе, азық-түлік өткен жылдан 0,5 пайызға төмендеген.

Жұмыссыздық 4,9 пайызды құрапты. Барлық өңірде экономикалық өсім байқалған. Тек мұнай өңдеу екі облыста төмендепті. Енді бұл өңірлерге жаңа резерв көздерін жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр, - деді премьер.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Өндіріс саласына келетін болсақ, бізде Қызылорда облысы мен Маңғыстау облыстарынан өзге, оң өсім, 100 пайыздың үстіне шықтық. Басқа облыстардың барлығында өндіріс бойынша оң ілгерілушілік айтылған тапсырма бойынша, олардың барлығы жұмыстарын жүргізіп жатыр.