Ұлттық Ұлан сарбаздары жасөспірімге жедел көмек көрсетті. Астана-Арена стадионының жанында, баланың басы айналып, жерге құлап түскен. Сарбаздар оны орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық жәрдем жасады. Кейін анасына хабарласып, жасөспірімді көлікке дейін көтеріп апаруға көмектесті.
Айта кетейік, бұл ұландықтардың алғашқы медициналық көмек көрсетуінің алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін де "Астана Арена" стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері есінен танған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен болатын.