$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырда ұсталды

AstanaTV
25.07.2025ж. 17:07
178
Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырда ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды. Ол криминалдық полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласына жеткізілді.
2023 жылы ер адам басқа адамдармен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автокөліктерді несиеге рәсімдеп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан. Осы бойынша полицияға 105 адам арызданған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллиард теңгеден асты.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.