Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР заңының жобасына енгізілетін өзгерістер талқыланды

AstanaTV
08.08.2017ж. 20:00
3491
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР заңының жобасына енгізілетін өзгерістер талқыланды

Ұлттық валютаның үштен бір бөлігі шетелге шығарылады. Банктің ірі тұтынушыларының 30 пайызға жуығы қаражатты шетелдік банктердегі есепшотқа аудару үшін не болмаса бейрезиденттерге қайтарымсыз көмек үшін сатып алады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында Ұлттық банктің Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің  директоры Айгүл Боранбаева айтты. Оның сөзінше, еңі ірі клиенттердің қатарына заңды тұлғалар кіреді. Олар айына 10 миллиард теңгеге дейін сатып алады. Көбінесе қаражат қызметі қарыз шарттары бойынша төлеу үшін жүргізіледі. Сондай-ақ бейрезидент келісім шартты көрсетпей-ақ, өзіне қажетті валютаны қандай мақсатқа жарататынын айтпай-ақ сатып алатын мүмкіндіктер бар. Бұндай қадамдарға тосқауыл қойылмаған. Дегенмен, елдің бас банк өкілдері бұл бағыттағы жұмыстардың қатарын шектеп, барынша қадағалауды қолға алғысы келетінін айтты.

Қазір Ұлттық банк өкілдері шетелге шығарылатын капиталмен күресті күшейту үшін «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңының жобасына өзгертулері енгізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ мамандар банк қызметкерлерінің клиенттермен бірлесе күдік келтірген ымыраларды байқаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлайтынын жеткізді.

Айгүл Боранбаева, ҚР Ұлттық банкі төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры:

Бізде қомақты қаржының басым бөлігі бейрезиденттерге қайтарымсыз көмек ретінде шетелге шығарылады.  Елдегі дағдарыс жағдайына қарамастан қазақстандық  резиденттер шетелдегі әріптестеріне белсенді көмектесуде.  Біз осы жағдайды қадағалап, бұндай әрекеттерді шектегіміз келеді. Сондай-ақ, енді клиенттер банкпен қомақты сомаға келісім жасайтын кезде  барлық ақпарат құқық қорғау органдарына хабарланатын болады.