Шығыс Қазақстан облысы Средигорное ауылының тұрғыны атпен жидек теруге шығып, үйіне оралмаған. Туыстары өз бетімен іздеу жүргізгенімен, нәтиже байқалмады. Ер адамның жанында ұялы телефоны болмапты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен полиция қызметкерлері бірлесіп жүргізген іздестіру жұмыстары барысында 1939 жылы туған азамат Парамоновка ауылынан 10 шақырым қашықтықта, таулы-орманды аумақта табылды.