$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Пойызда босанған сәбиін дәретханаға ағызып жіберген

AstanaTV
26.07.2025ж. 18:41
127
Пойызда босанған сәбиін дәретханаға ағызып жіберген

Оқиға «Қарағанды – Сұрыптау – Сарыбел» теміржол учаскесінде жолаушылар пойызында болған. Қарағанды көлік прокуратурасының ақпаратынша, 2025 жылдың 20 сәуірінде пойыз жолаушыларының бірі кенеттен толғақ ұстап, вагондағы санитарлық бөлмеде сәбиін босанған. Босану медициналық мекемеден тыс, ешқандай білікті көмек көрсетілместен өткен.

Тергеу барысында белгілі болғандай, психикалық дертпен есепте тұрған әйел сол сәтте ауруының асқыну кезеңінде болып, дүниеге келген нәрестесін санитарлық тесіктен лақтырып жіберген. Сәби теміржол жолына құлап, адам шошырлық жарақаттар алған.

Қарағанды облысы Осакаров ауданының соты әйелдің қылмыс жасаған сәтте ақыл-есінің орнында болмағанын анықтап, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.