$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады

AstanaTV
26.07.2025ж. 21:43
123
Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады

Қазақтың көкпары Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген жоқ. Бұл туралы Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, алдағы додада тек көкбөрі турнирі өтеді. Бұл жарыс клубтық жүйе форматында ұйымдастырылмақ.

«Біз көкбөрі федерациясымен бірнеше рет бас қосып, жарыстың ережелерін жан-жақты талқыладық. Әсіресе спортшылардың қауіпсіздігі мен қорғаныс құралдарының сапасына баса мән бердік. Қазір жаңа ереже толық дайын, жақын күндері ресми түрде таныстырамыз», – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.

Бұл спорттың саясилану деңгейін төмендетіп, қатысушылардың ұжымдық жұмысын күшейтеді, - деп есептейді ведомство басшысы.