Түрленген той. Тараздағы
«Тектұрмас» көпіріне тоқтаған той кортежінің жастары автоматпен аспанға оқ
жаудырған. Қызды-қыздымен қару қолданып, қызық сыйлағысы келгендер қос қала
тұрғыны болып шықты. Бұзақылыққа барғандар - небары 19 бен 20 жастағы жігіттер.
Оқиға кешкі сағат 7 жарымдар шамасында болды. Алдымен, олар ақ түсті «Бентли»
көлігінің қасында тұрып, алма-кезек аспанға бірнеше рет оқ атады. Артынша, өздерінің
теріс қылықтарын түсінген қос бұзақы тойота «Камри 50» маркалы автокөлігімен
оқиға орнынан бірден бой тасалайды. Алайда, әулиеаталық жастардың әрекеті
бейнебақылау камерасына түсіп қалады. Ұзын-саны 200-ден асатын көше
камераларының көмегімен көлік иелері дәл үйлерінің ауласында ұсталады.
Азат Смағұлов, Тараз қаласы ІІБ
жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы:
«СZ 858” маркалы автоматпен оқ
жаудырды. Күдікті азаматтардың үй-жайларын тексеріс барысында үйлерінен атыс
қаруы «СZ 858” табылды. - Оны қайдан алған? Кімге тиесілі? - Аталған суық қару 20 жасар азаматтың әкесіне тиесілі. Заңсыз сақтау бабы бойынша жазаға
тартылады. Яғни атыс қаруын қолдану бойынша, бұзақылықпен.
Тұрғындардың төбе шашын тік
тұрғызған бұзақылар Қылмыстық кодекстің 287 және 293 баптарымен жазаға
тартылмақ. Яғни бұл баптар «қару, оқу-дәрілерді заңсыз сақтау, алып жүру»
және «бұзақылық» әрекеттерін
қарастырады. Егер қос азаматтың кінәсы дәлелденсе, онда 3 пен 7 жыл аралығында бас бостандығынан
айырылады. Қазір қару қолданғандар қаладағы уақытша қамау абақтысына жабылған.