$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған

AstanaTV
27.07.2025ж. 13:28
79
Жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған

 СҚО-да ТЖМ қызметкерлері 63 жастағы жүргізушіні құтқарды.

Жол апатв Ақжар ауданы, Талшық ауылы маңындағы республикалық жолда жол-көлік оқиғасы орын алды. Жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

Жүргізуші көлік кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен зардап шеккен азаматты көліктен алып шықты.

 Зардап шеккен азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.