Атырау облысының тұрғыны
мүгедектік тобының қайта қаралуына 5 жыл жұмсады. 43 жастағы Ерслан Қуанов
өндірістік жарақат алып, жұмыс берушіге деректерді дәлелдей алмай, үшінші топ
мүгедегі болып тіркелген. Аяғынан айырылған ол жүріп-тұруы қиындап, құзырлы
органдарға шағымдана алмаған.
Тек ақпан айында Құрманғазы
ауданына қарасты Мақаш ауылындағы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына
жүгініпті. Партиялықтар дереу қол ұшын созған. Құжаттары қайта қаралып, тегін
ем-дом көрсетілген.
Аудандық партия филиалы мүмкіндігі шектеулі Ерслан
Қуановтың кәсіп ашуына да көмектесті. Қазір ол аяқ киім жөндеуді кәсіп еткен.
Мүмкіндігі шектеулі осындай тағы 10 кәсіпкерге тегін ғимарат берілген.
Ерслан Қуанов, Атырау облысының
тұрғыны:
Үшінші группа едім, партияның
араласуымен екінші группаны алдым. Партияның көмегімен емделіп, ауруханадан ем
алып шықтым, соның барлығын қадағалады. Тұрақты группа берді - екінші группа. Партияға алғысымды айтам.