$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Сорбұлақ су қоймасының аймағында іздеу тәулік бойы жалғасуда

Сорбұлақ су қоймасының аймағында іздеу тәулік бойы жалғасуда

Сорбұлақ су қоймасы ауданында 2025 жылдың 25 шілдесінде жоғалып кеткен әуе қорғанысы күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Жұмыстар күшейтілген режимде және тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Операцияға 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды.

Жергілікті жерде басшылықты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Ізбасов Асқар Ғадылшаұлы жүзеге асырады. Ол барлық тартылған бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіреді.

Күш-құралдардың құрамы:

Қорғаныс министрлігінен: 193 әскери қызметші, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, 25 бірлік техника, 8 жүзу құралы. Әуе ұшулары орындалуда.

Төтенше жағдайлар министрлігінен: 87 адам, 22 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 7 ҰҰА, 2 эхолот, сүңгуірлер және 2 кинологиялық есептоп.

Ішкі істер министрлігінен: 102 қызметкер, 30 бірлік техника.

Әкімдіктен: 2 автомобиль, 3 жүзу құралы.

Жету қиын және терең учаскелермен қоса акватория мен жағалау аймағын кешенді зерттеу де жүргізілуде. Іздеу шаралары күндіз де, түнде де тоқтамайды.

Жоғалған адамдардың туыстарымен ұдайы байланыс ұйымдастырылды. Оларға операцияның барысы туралы уақтылы хабарланады.

Жұмыстарды жүргізудің күрделі шарттары

Сорбұлақ –  ірі жасанды көлдердің бірі, Алматы облысының солтүстік-батысындағы табиғи тұйық ойпатта орналасқан қалдық су жиыны. Іздеу жұмыстары бірқатар факторларға байланысты күрделене түседі:

күрделі су асты рельефі және түбі шөгінді;

айнымалы тереңдік (22 метрге дейін);

Бұл табиғи және техногендік ерекшеліктер операцияға қатысушылардың бәрінен барынша дәлдікті, техникалық жабдықталуын және іс-әрекеттерінің үйлесімділігін талап етеді.

 

Іздестіру-құтқару іс-шаралары түпкілікті нәтижелер алынғанға дейін жалғасатын болады. Барысы мен қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады.