$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер жауапкершілікке тартылады

AstanaTV
28.07.2025ж. 10:24
127
Банк картасын үшінші тұлғаға бергендер жауапкершілікке тартылады

ІІМ дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында маңызды өзгерістер енгізілгенін ескертті. 

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

-Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді, -делінген хабарламада.