$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Бахтиер Зайнутдинов енді Ресейдің «Динамо» командасында ойнайды

AstanaTV
28.07.2025ж. 18:28
56
Бахтиер Зайнутдинов енді Ресейдің «Динамо» командасында ойнайды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысты. 

Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті. 

Қазірге дейін ол Түркияның «Бешикташ» клубы сапында ойын көрсетті. Аталған командамен қазақстандық футболшы 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған еді. Келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнауына мүмкіндігі бар болатын. Түркиялық клубта 27 жастағы отандасымыз 2023 жылдан бері 49 матчта бір гол соқты.

Бахтиер Зайнутдинов жаңа клубымен 2029 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ресейлік команда Бахтиер Зайнутдинов үшін «Бешикташқа» 2,5 млн еуро төледі.