$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Пәкістанда жауыннан 279 адам қаза тауып, 700-ге жуық адам зардап шекті

AstanaTV
28.07.2025ж. 21:08
72
Пәкістанда жауыннан 279 адам қаза тауып, 700-ге жуық адам зардап шекті

Пәкістанда соңғы бір айда жалғасып жатқан муссон жауыны салдарынан кем дегенде 279 адам қаза тауып, 700-ге жуық адам зардап шекті,-деп хабарлайды Geo.tv. 

Төтенше жағдайлармен күрес ұлттық басқармасының (NDMA) мәліметінше, соңғы тәулікте Пәкістанның кей жерлерінде жауған муссон жауыны салдарынан тағы сегіз адам қаза тауып, елдегі қаза тапқандардың жалпы саны 279 адамға жетті.

Дауылдан солтүстік-шығыс Пенджаб провинциясы қатты зардап шекті, аймақта 151 адамның қаза болғаны расталды. 

Адам шығынынан басқа, мүлікке айтарлықтай зиян келді. 1500-ден астам үй бүлінген.