$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Батыс облыстардың халқына айыппұл көп салынады

AstanaTV
28.07.2025ж. 22:00
94
Батыс облыстардың халқына айыппұл көп салынады

2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша өңірлер жергілікті бюджеттерге айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар мен өндіріп алулар түрінде 128,1 млрд теңге түсірді. Бұл қаражаттың басым бөлігі ішкі істер департаменттері мен сот орындаушылары салған әкімшілік айыппұлдар арқылы жиналғаны назар аударарлық.

 

EconomyKZ телеграм арнасы халық санына шаққандағы айыппұл жинау көлемі бойынша өңірлер рейтингін (2025 жылдың басындағы халық саны негізінде) жасады.

Айыппұлдар көлемі бойынша көшбасшы өңірлер:

  • Маңғыстау облысы – 35,1 млрд теңге
  • Алматы қаласы – 24,8 млрд теңге
  • Астана қаласы – 11,4 млрд теңге

Халық санына шаққандағы айыппұлдар бойынша өңірлер рейтингі (теңге):

Маңғыстау облысы — жан басына шаққанда айыппұл көлемі ең жоғары өңір,

Қостанай облысы — ең төмен айыппұл сомасы тіркелген өңір

  • Маңғыстау — 43,66 мың теңге
  • Алматы қ. 10,8 мың теңге
  • Атырау 9,68 мың теңге
  • Астана 7,44 мың теңге
  • Шымкент 4,5 мың теңге
  • БҚО 4,2 мың теңге
  • Ақмола 3,97 мың теңге
  • Жамбыл 3,73 мың теңге
  • Түркістан 3,63 мың теңге
  • Жетісу 3,47 мың теңге
  • Алматы 3,45 мың теңге
  • Ұлытау 3,32 мың теңге
  • Абай 3,21 мың теңге
  • Қарағанды 3,12 мың теңге
  • Ақтөбе 2,83 мың теңге
  • СҚО 2,72 мың теңге
  • Қызылорда 2,71 мың теңге
  • ШҚО 2,43 мың теңге
  • Павлодар 2,41 мың теңге
  • Қостанай 2,29 мың теңге.