Шавкат Рахмоновтың әйелі жантүршігерлік апатқа ұшырады. Салдарынан екі адам көз жұмды. Оқиға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Ақсуйек ауылы маңында, Алматы – Екатеринбург тасжолының бойында болған. Рөлде отырған UFC шеберінің әйелі Гүлайым Рахмонова көлікті жоғары жылдамдықпен басқарып келе жатып, тізгінге ие бола алмаған деген болжам бар. Көлікте онымен қоса әйелдің 2022 жылы туған кішкентай ұлы және екі құрбысы болған. Жолаушылардың бірі сол жерде тіл тартпай кетті. Екіншісі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Ал Гүлайым мен оның ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
ҚҰНДЫЗ БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерделеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.