$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Сабындыкөл жағасында ерекше тіл сабағы өтті

28.07.2025ж. 19:30
53
Сабындыкөл жағасында ерекше тіл сабағы өтті

Павлодар облысында «Сөйле» тіл клубының мүшелері Сабындыкөл көлінің жағасында ерекше сабақ өткізді. Киіз үйде ұйымдастырылған шарада білім алушылар дәстүрлі партада емес, ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін үйренді. «Сөйле» клубы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты қолға алған «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында жұмыс істейді. Қазіргі таңда бұл бастамаға еліміз бойынша екі мыңнан астам оқушы қатысып жатыр.

МЕРҒАЛИ ЖҮСІПОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ПОФ ТӨРАҒАСЫ:

Жұмасына 3 рет сабақтар өтеді. Онлайн және офлайн форматта. Бүгін біз форматтан тыс тимбилдинг ретінде өзіміздің оқушылармен,  қасиетті Баянауыл өлкесіне келдік. Себебі, біз тек қана тілді ғана үйретіп қоймай, қазақтың салт-дәстүрін, тарихын,  оқушыларымыздың санасына сіңіруіміз керек.

ЯКОВ ФЁДОРОВ, «СӨЙЛЕ» ЖОБАСЫНЫҢ АМБАССАДОРЫ:

2 жарым жыл бұрын, біз 12 елдімекенде "Сөйле" клубтарын аштық. Және өздеріңіз білтіндей біздің клубтың ерекшелігі - біз тек сабақтарды ғана емес, біз қатысушыларға тіл ортасын береміз.